Құрметті жерлестер!
Ақадыр кенті әкімдігі сайтының қонақтары!
Сіздермен, кентіміздің жергілікті мемлекеттік басқарудың ресми Web-сайтында кездескенімізге шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Сіздерді Ақадыр кенті әкімі аппаратының сайтында қабылдай отырып, Республика халқын және интернет жүйесін пайдаланушыларды біздің ауылымызбен таныстырып отырғаныма өте қуаныштымын.
Біздің сайтымызға үңілушілер кентіміздің тарихымен танысып, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы білуге, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, қабылданған шешімдерге ұсыныстарыңызды еңгізуге жағдай жасалып отыр.
Бұл сайттың мақсаты - «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік органдардың сапалы және нәтижелі қызмет жасауын қамтамасыз ету. Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, кентіміздің алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.
Сонымен қатар, инстаграм желісіндегі ресми парақшамызға шақырамыз. https://www.instagram.com/akadyr_akimat
Біз, Егеменді тәуелсіз Қазақстанның және Қарағанды облысының өркендеуіне ат салысуға, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста болуға әрдайым дайынбыз!
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Құрметпен,
Ақадыр кентінің әкімі
Карсембаев Дәурен Құралұлы