Кеңейтілген іздеу
print

Басты бет

Ақадыр кенттік округінің әкімі: Карсембаев Даурен, 1982 жылы туған, білімі жоғары.

Ақадыр кенттік округінің құрамына Тағылы бекеті, Ақсарлы ауылы, Доңғал стансасы және Ақадыр кенті кіреді. Жалпы жерінің көлемі – 353893 гектар (оның ішінде елді мекендер орналасқан жердің көлемі- 35433 га.).

Кент округінің 2 794 отбасындағы тұрғындардың нақты саны 2011 жылдың 1-ші қазан күніне 11 770 адам болса, оның ішінде тұрақты тұрғындар саны 10 969 адамды құрады.

Жалпы, кенттің тұрақты тұрғындарының 49,5 пайызы экономикалық белсенді топты (5430 адам) құрайды. Кенттік округте 3 орта білім және бір негізгі білім беретін 4 мектепте – 245 ұстаз дәріс береді, кенттегі Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейде, Ә.Ермеков және М.Мәметова атындағы орта мектептердегі мектепке дейінгі даярлық сыныптарында 132 бала, және шағын орталықтарда 59 бала оқытылып, тәрбиеленуде. Сонымен қатар, кентте оқу-өндірістік комбинаты, З.Көкжалов атындағы жасөспірімдер және балалар спорт мектебі, Ә.Хасенов атындағы өнер мектебі, «Балбөбек балабақшасы қалыпты жұмыс істеуде.

Кент экономикасының жетекші саласы болып табылатын 70 жылдан астам тарихы бар теміржол торабының кәсіпорын, мекемелері кентіміздің инфраструктурасын дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Бұл жердегі 14 кәсіпорын мен мекеменің екі мыңнан астам теміржолшылары Саяқ және Жезқазған станциялары, Дәрия және Мойынты станциялары аралығында қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Кентімізде өңдеп өндіруші орта тұлға кәсіпорындар: «Ырыс -2004», «Теміржолсу-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, доңғалақ жөндеу цехы және Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясы жылдағы өңдеп өндірген өнімінің көлемі 2 млрд. теңгеден асуда.

Өндірісті өңдеп өндірумен айналысатын 3 шағын кәсіпорын, (шағынзаңды тұлға) атап айтқанда – «Электржабдықтау», «Ақадырэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Баспагер» өндірістік кооперативі шығарған өнімнің көлемі жылда 65 млн. 400 мың теңгеге теңеледі.

Нан өнімдерін өндірумен айналысатын шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бір жыл ішінде 50 млн. теңге көлемінде нан өнімдерін шығарады.

Тіркеуде тұрған 271 шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс жасауда. Бұл салада еңбек жасайтын адамдардың орташа жылдық табысы 515 млн. теңгені құрап отыр. Жылына, мұнда жұмыс істейтін 790 адамның әрқайсына 628 мың теңгеден келеді. Кентте орналасқан басқа да мекеме, кәсіпорын салаларында – бір мыңға жуық адам еңбек етеді.

Жалпы, кент бойынша шағын кәсіпкерлікке жататын, нақты түрде жұмыс жасап тұрған 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен қоғамдар, 82 дүкен мен сауда саттық орындары, 33 дүңгіршек, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін 12 такси мен 6 автобус, 2 ломбард, 3 сауда орталығы (оның ішінде 67 сауда нүктесі орналасқан), 4 нан өнімдерін шығаратын жеке тұлғалар, 6 жанар-жағар май бекеті, 6 шаштараз, 2 фотосалон, 10 дәріхана (оның ішінде 1-і мемлекеттік), 13 монша мен аяқ-киім жөндейтін шеберхана, 1 ағаш шеберханасы, 1 жұмсақ мебель жасап шығаратын шеберхана, 3 тігін шеберханасы, 1 автожуу кешені, 1 автокөлік жөндеу орталығы, 2 автошина өңдеу цехтары, 1 гриль-бар-бильярд - демалыс және 21 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс жасауда.

Ақадыр кенттік округі бойынша мал өсірумен және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен округ бойынша тіркеуде тұрған 43 шаруа айналысады. Онда 181-ге жуық адам еңбек етіп, халықтың экономикалык белсенді бөлігінің 2,8 пайызын құрайды.

Ал 2011 жылдың 1 қазан күніне шартты түрдегі мал басының саны төмендегідей: сиыр малы - 3517 бас, жылқы малы - 1 837 бас, қой-ешкі – 11 398 бас, 400 құс басы бар. Кент тұрғындары бау-бақша өсірумен де белсене араласады. Бұл жерде «Мечта» қоғамдық бірлестігі қомақты жұмыстар атқаруда. Биылғы жылы 6 гектар жерден кенттің 92 отбасы 34,1 тонна картоп өнімін жинап алды.


Келулердің саны: 206135


02.11.2018

Пресс-релиз 1411 байланыс орталыгы

...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қоғамның әлеуметтік және зейнетақы мен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының Әлеуметтік-еңбек саласында ақпараттық-кеңес беру қызметін көрсету басқармасы (Байланыс орталығы)1411 бірыңғай қысқа нөміріне қалалық және ұялы…

25.05.2018

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ

...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау…

25.05.2018

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсімі жеңілдетіледі

...

Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі жуық арада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жылжымайтын мүлікке…

05.05.2018

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

...

 Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу»…

03.04.2018

Енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

...

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша…

15.03.2018

Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін...

...

Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін... «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында нәзік жандыларға қатысты статистикалық көрсеткішке көз жүгіртуді ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13…

13.03.2018

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

...

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен…

19.02.2018

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

...

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. «Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық…

16.02.2018

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

...

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес. ҚР…

29.01.2018

Нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркеуге болады

...

Енді SMS-хабарлама арқылы жаңа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынатын проактивті қызметтердің аясын кеңейту туралы отырысында осындай…