Кеңейтілген іздеу
print

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Сіздерге Қарағанды қаласындағы Жамбыл көшесі, 2 мекенжайы бойынша цифрлық қызмет орталығының ашылғанын хабарлайды. Қажетті қызметтерді азаматтар Цифрлық қызмет орталығынан өз бетінше, оператордың көмегінсіз ала алады. Сондай-ақ, орталықта зал бар, мұнда келушілер өзінің цифрлық сауаттылығы деңгейін көтере алады, сонымен бірге тілек білдірушілер үшін мемлекеттік орган басшыларына сұрақ қоятын бейне-кабинка бар, мұнда клиенттер бейнежүгінуге жазыла алады.  

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде, Цифрлық қызмет орталығының және фронт-офис қызметкерлері халыққа мемқызметті өз бетінше алуға үйретеді.                                                             

Қызмет алушылардың мәліметіне, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер тізілімінде 742 мемлекеттік қызмет бар, соның ішіндегі 531-іне egov.kz электрондық порталы арқылы қол жеткізуге болады.   

Центр цифровых услуг

 Центр цифровых услуг


Келулердің саны: 232