Кеңейтілген іздеу
print

Қарағанды облысының тұрғындары зейнетақысын ертерекесептете алады

Қарағанды облысының тұрғындары зейнетақысын ертерекесептете алады

Қарағанды облысында пилоттық жоба жұмыс жасай бастады, соған сәйкес зейнеткерлер зейнет жасының 50 жасқа (әйелдер)/63 жасқатолуына үш ай қалғанда Қарағанды облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мем корпорациясының әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіне алады.

Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жұмыскері тексеруді «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қағидалар мен қарастырылған нормаларға сәйкес, жүзеге асырады. Сондай-ақ, қызметкерлер ақпараттық жүйе арқылы жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің өтіліналдын ала есептеп, жасы бойынша зейнетақыға алдын ала есептеу жүргізеді.

Филиалдың әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жұмыскеріжүгіну кезінде, өтініш берушіге қағаздық нұсқадағы зейнетақы төлемінің алдын ала есебі мен кеңес беру ақпаратын береді.

Бұдан басқа, зейнетақыны алдынала есептету үшін zeinetker@goscorp.kz электрондық мекенжайына жүгінуіне болады.

Зейнетақыны алдын ала есептеуүшін, еңбек өтілін (1998ж. 1қаңтарынадейін) растайтын құжаттарының болуы қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысының филиалы өз клиенттерінің қамын ойлайды. Аталмыш сервис құжаттарды ресімдеугекететін уақыттықысқартуға мүмкіндік береді және қажетті құжаттарпакетін жинауға көмек береді.

Қарағанды қаласында алдынала есептету үшін Жамбыл көшесі, 2 мекен жайы бойынша орналасқан әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіну қажет. Сондай-ақ, аумақтың барлық қалалары мен аудандарында болашақ зейнеткерлер жүгіне алатын әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері жұмыс істейді.


Келулердің саны: 74