Кеңейтілген іздеу
print

Азаматтарға арналған үкімет Қарағанды студенттерін оқытатын болады!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды қ. ірі ЖОО студенттері арасында оқыту жүргізуді жалғастыруда. Оқытудың басты бағыты Egov.kz порталын пайдалану дағдыларына, сонымен бірге EgovKzBot сервистері мен қызметтеріне оқыту болып табылады. ХҚО қызметкерлері оқыту жүргізу үшін күнде ЖОО барады, сондай-ақ студенттерге мобильді азаматтар қорына тіркеуді жүргізеді, студенттерге аудиториядан шықпай-ақ санаулы минуттың ішінде мекенжай анықтамасын немесе псих, -нарко диспансер анықтамасын алуды көрнекі түрде көрсетеді. Іс жүзінде әр студентте замануи гаджет бар, сәйкесінше әр студенттің қалтасында өзінің «ХҚО» жүр, ал мұны олар білмейді.

Қазіргі кезде сырттан келген бірінші курстықта тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу жүргізу сұрағы туындайды, көбісі бұл үшін міндетті түрде ХҚО бару керек деп ойлайды, алайда, фронт-офиске барудың қажеті жоқ, себебі студент СМС парольдің көмегімен egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы уақытша тіркеуге өтініш бере алады. Азаматтарға арналған үкімет Филиалының қызметкерлері студенттерді электрондық үкімет порталының осындай көптеген мүмкіндіктеріне оқытады.  

Бұдан басқа, бұл жобаға шоғырланымдық нәтиже де енгізілген — үйреніп алған студенттер өздерінің туыстарына мен жақындарына қызметті ХҚО келмей-ақ алуға болатынын үйрете алады.


Келулердің саны: 41