Кеңейтілген іздеу
print

«Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау» қызметін egov.kz порталы арқылы ресімдеуге болады

...

Қызметті онлайн алу үшін:

Порталдан авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына көшу қажет.

Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. Өтініште «Қазпошта» АҚ не болмаса Екінші деңгейлі банктен ашылған жеке есепшот (IBAN) нөмірін көрсету қажет.

Жеке кабинетте («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыттың ішінде түсетін өтінішіңіздің өңделгені туралы хабарламамен танысу қажет.

Мына жайларға назар аудару қажет:

электрондық қызметті 2008 жылғы 1 маусымнан бастап, некеге отырғандар;

балалары 2007 жылғы 13 тамыздан бастап туғанотбасылар;

егер асыранды балалары немесе 2008 жылдан бастап, қайтыс болғандар бар болса, ресімдей алады.

Электрондық қызмет бойынша пайдаланатын барлық сервистер синхронды тәртіпте қолжетімді болады.

Электрондық қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы жүгінетін мына тұлғалар үшін, қолжетімсіз:

Қайтыс болған асыраушының жәрдемақысы басқа балаларына төленіп қойған, кезде жәрдемақы үлесін бөлу үшін, жүгінгендерге;

8-жасқа толмаған баланың күтімі бойынша, санаты бойынша жәрдемақы алу үшін, жүгінгендерге;

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде немесе әскери қызметтен өтуі кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшіге жәрдемақы алу үшін, жүгінгендерге.  

Қызмет көрсету мерзімі: 8 жұмыс күні.


Келулердің саны: 53