Кеңейтілген іздеу
print

Аналарға цифрлық көмек!

Бала тууына байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай ресімдеуге болады деген сұрақ жиі туындайды, өйткені перзентханадан шыққаннан кейін, ХҚО баруға уақыт болмайды. Алайда, бұл мәселе шешімін тапты, жәрдемақыны электрондық үкімет порталында онлайн ресімдеуге болады.

Бұл үшін, порталдан авторизациядан өтіп, қажетті «Бала тууына және бала күтіміне арналған жәрдемақы тағайындау» қызметін таңдау қажет.  

Өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Өтініште «Қазпошта» АҚ немесе Екінші деңгейлі банктен ашылған жеке шот (IBAN) нөмірін көрсету қажет (жеке шотты өтініш берушінің атына ашу қажет).

Жеке кабинеттен («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) баланың тууына арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу қажет. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде түседі.

Онлайн-қызметтің тек бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға ғана қатысты көрсетілетінін және бала туу туралы жазба актісі 2007 жылғы 13 тамыздан бастап жазылған, сонымен бірге 2008 жылдың 1 маусымынан бастап, некеге тұрған азаматтар үшін ған қолжетімді болатынына назар аудару қажет.   Сонымен бірге, аналарға көмек ретінде бала тууын тіркеу және жәрдемақы алу, бала бақшаға кезекке қою және тұрғылықты жері бойынша тіркеу проактивті қызметтері бар, тұрғылықты жері бойынша қызмет мобильді азаматтар қорына тіркелгендер үшін қолжетімді (тіркеуден электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен немесе Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне барып, өз бетінше өтуге болады). 2019 жылдың 10 айының ішінде электрондық үкімет порталы арқылы бала тууы және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау бойынша 3169 өтініш ресімделді.


Келулердің саны: 38