Кеңейтілген іздеу
print

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

...

📑Бүгінде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшін оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдің болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердің ресми мекемелерінде жарамдылығын растайды.

📌Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.

💻Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметті алу үшін egov.kz порталын қолдана алады:

✅Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз

✅Электронды өтінішті толтырыңыз

✅Әра постильденетін құжатқа 0,5 АЕК көлемінде баж төлеңіз

✅Апостильденуі қажет құжаттың скан-көшірмесін жүктеңіз

✅ ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін жауап бір күн ішінде келеді

✅ Жеке кабинетіңізге оң жауапкелген жағдайда, сот органдарына апостильді бірден қойғызуға жүгіне аласыз.


Келулердің саны: 197