Кеңейтілген іздеу
print

Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?

...

2019 жылдан бастап өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ай сайын біріңғай жиынтық төлемін (БЖТ) төлеуі тиіс.

❗️БЖТ төлемінің ай сайынғы мөлшері қала тұрғындары үшін – 1 АЕК, ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК.

📌БЖТ кімтөлейді?

Өзін өз іжұмыспен қамтушы азаматтар БЖТ төлеушілері болып танылады және олар келесі шарттарға сәйкес келу қажет:

✅бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

✅жалдамалы қызметкерлердіңең бегін пайдаланбайды;

✅акцизделеті нөнімдерді қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделеті нөнімді қоспағанда, өзөндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізеді.

Бұл ретте, БЖТ төлеушілері табысының мөлшері жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиіс.

📌БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?

БЖТ-ні табысалынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақкелесі айларға аванс төлеу мүмкіндігі бар.

❗️❗️БЖТ-ні Қазақстанның кезкелген банкі кассаларында, олардың мобильді қосымшаларында, сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзінің жеке куәлігін көрсетіп, "183" ТТК бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ банктікшотына төлем жүргізу қажет.

📌БЖТ сомасы салықтар бойынша қалай бөлінеді?

Бірыңғай жиынтық төлем сомасын "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ келесі пропорцияда бөледі:

✅10% – жеке табыс салығы (ЖТС);

✅20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

✅30% – міндетт ізейнетақы жарналары (МЗЖ);

✅40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

📌Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу:

✅міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;

✅зейнетақы жинақтарын жүргізуге мүмкіндік және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық береді;

✅еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысын анайырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырапалған, 1 жасқадейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

#оқы_тоқы

 


Келулердің саны: 47