Кеңейтілген іздеу
print

Бала асырап алуғаниетті тұлғалардың есебіне онлайн тұру

...

Егер Сіз бала асырап алуға тілек білдіруші Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама ал үшін өтінішпен бірге тиісті құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкімет порталында көрсетіледі. Ол үшін:

✅Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.

✅Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қолқойған соң өтінімге құжаттарды бекітесіз.

📌Құжаттар тізімі:

•жақын туыстарының бала асырапалуға арналған жазбаша келісімі;

•жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық от басы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

•отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәліктің көшірмесі, балалары болса, туутуралы куәліктерінің көшірмесі);

•азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрмауы туралы анықтама;

•тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі (тұрғын үй мүлікке құқығы жоқ жағдайда);

✅Жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөліміне 10 жұмыс күн іішінде үміткер болу мүмкін/мүмкін емес деп қорытынды хабарлама келеді.


Келулердің саны: 144