Кеңейтілген іздеу
print

Ақадыр кентінде И.Бедров және Баритовая көшелерінің атауларын ауыстыру мақсатында өткізілген қоғамдық кеңестің ХАТТАМАСЫ

          Ақадыр кенті                                                     09.11.2020 жыл      

                                                                                         cағат: 15:00

         Төрағалық еткен:                                                Д.Карсембаев

         Хатшы:                                                                    Г.Тасырбаева

 

Жиналысқа қатысқандар:

Кент әкімі Д.Карсембаев, орынбасары М.Айқынбаев,

Жергілікті қоғамдастық мүшелері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, «И.Бедров» және «Баритовая» атындағы көшелердің тұрғындары: А.Ж.Сериков, А.М.Аманжолов, Ғ.А.Мукушев, Р.Д.Айгаринов, О.А.Мельник, Л.М.Омарова, Р.Сейтжанов, К.Х.Отыншин, Д.Болатхан, Ж.Асылханова (тізім қоса тіркеледі).

Барлығы: 56 адам қатысты.

Күн тәртібінде:

  1. «И.Бедров» және «Баритовая» көшелерінің атауларын өзгерту туралы

ТЫҢДАЛДЫ: Кент әкімі - Д.Карсембаев идеологиялық тұрғыдан ескірген, көше атауларын қазақы атау қою, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының 25-5 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысының талаптарына және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының 25-5 бабына сәйкес жүргізілетіндігін атап өтті.Талапқа сәйкес бір ай бұрын аудандық «Шет шұғыласы» газетіне екі көшенің атауын ауыстыру жөнінде жиналыс өтетіндігі туралы хабарландыру берілгенін айтты. Сонымен қатар, И.Бедров көшесінің атауын өзгерту жөніндегі тұрғындардан түскен өтінішпен, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасы С.Алпысбаевтың жазған өтінішімен және «Арқаның ақ сұңқары» Таңыбай батыр атындағы қоғамдық қорының құрылтайшысы А.Сериковтің аудан әкіміне, кент әкіміне кенттегі бір көшеге батырдың есімін беру туралы жазған хатымен таныстырып өтті. Кент әкімі құжаттарды қайта ресімдеу кезінде анықтамаларды алу, тұрғын үйлердің мекен-жайы туралы мәліметтер базасында автоматтандырылған түрде өзгертілетіндігін айтып өтті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША

СӨЙЛЕГЕНДЕР: Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі – Р.Айгаринов: көшеге Иван Бедров атауының берілу тарихына қысқаша тоқталып, И.Бедровтың экспедицияда геолог болғанын, жақын жердердегі (Қайрақты, Ақжал және т.б.) кең орындарын ашуға елеулі еңбек еткенін айтып, дегенімен де қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлесіміз, жауынгер Медет Аманжоловтың ұрпақтарының өтініші негізінде көшеге жауынгер бабамыздың есімін беруді орынды деп есептейтінін және ешқандай наразылық білдірмейтінін атап өтті.

- И.Бедров көшесі 2/1 тұрғыны – О.А.Мельник: көше атауы өзгертілген жағдайда көшенің жолы жөнделсе деген ұсынысын білдірсе,

- көше тұрғыны – Л.М.Омарова су, кәріз жүйелерін жөндеу керектігін, алайда көше атауының ауысуына ешқандай қарсылығы жоқ екенін атап айтты.

-А.Аманжолов, жауынгер Медет Аманжоловтың ұрпағы –әке аманатын орындауды көздейтінін, әкесінің де бақилық болып кеткенін айтты. Алдағы уақытта көшеге М.Аманжоловтың есімі берілген жағдайда көшенің біршама мәселесін шешуге атсалысатынын атап көрсетті.

- И.Бедров көшесінің тұрғыны, Ә.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру тірек мектебінің мұғалімі – Д.Болатхан Ұлы Отан соғысында 1942 жылы Смоленск түбінде ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері Медет Аманжоловтың мүрдесі араға 78 жыл салып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында туған жеріне жеткізіліп, әкесі мен бауырларының қасына жерленгенін айтып, қазақ жауынгерінің есімін кенттің бір көшесіне беру, елін сүйген ердің аты ешқашан өлмейтінін дәлелдейтінін және ерлікті келер ұрпаққа үлгі етуде ерекше орын алатын шара екенін атап көрсетті.

Кент әкімінің орынбасары – М.Айқынбаев кент бойынша 2017 жылы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын қайта атау барысында 23 көшенің атауы қайта аталғанын, Баритовая көшесінің атауы «Барит» руда тасына байланысты қойылғанын атап өтті.

«Электржабдықтау» ЖШС директоры., «Арқаның ақ сұңқары» Таңыбай батыр атындағы қоғамдық қорының құрылтайшысы - А.Сериков биыл Таңыбай батырдың 350 жылдық мерейтойына орай бокстен жасөспірімдер арасында турнирге демеушілік көрсету жоспарда болғанымен елдегі карантинге байланысты тоқтатылғанын айтып, батырдың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріп, егер көше атауы берілсе, сол көшені жарықтандыру мен балалар ойын алаңын салуға, тағы да басқа шараларға қор атынан көмек көрсетілетінін айтты.

-  Кент тұрғыны - М.Игенов - Таңыбай батыр Бекназарұлы қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен, аты аңызға айналған, Арқаның атақты батырларының бірі болғанын және «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында жоңғарларға қарсы жасақ құрған жаужүрек батыр екенін айтып, Ер Таңыбай қасиетті Түркістанға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгенін мәлімдеп, кенттегі Баритовая көшесіне батырдың есімінің берілуі өте орынды деп санайтынын айтып жеткізді.

Баритовая көшесінің тұрғыны – Р.Сейтжанов көше атауының ауысуына ешқандай қарсылығы жоқ екенін, алайда үйді сатқан жағдайда немесе анықтама алатын кезде ақша төлеу керек болады ма деп сұрады.

- кент әкімі Д.Карсембаев: көше өзгерген жағдайда Әділет, ХҚКО мәліметтер базасы автоматты түрде өзгертілетіндігін, мекен-жай туралы анықтаманы тегін алатындығын айтты.

Жергілікті қоғамдастық мүшесі, кент тұрғыны – К.Отыншин көше атауының ауысуына ешқандай қарсылықтары жоқ екенін айтып, Таңыбай батыр есімінің көшеге берілгені жастарға патриоттық тәрбие беруде де үлкен сеп болатынын айтып өтті.

Шет аудандық Мәслихатының депутаты, кент тұрғыны - Ғ.Мукушев ауыстыруға ұсынылып отырған екі көшенің (И.Бедров., Баритовая) де тұрғындарымен кездесу өткенін, Таңыбай батыр мен Медет Аманжолов қазақ тарихында өзіндік орны бар тұлғалар екенін атап көрсетті.

Дауыс беру арқылы:

«Қарсы болғандар» - жоқ

«Қолдағандар» саны - 56 адам.

И.Бедров және Баритовая көшелерінің атауларын өзгертуге қарсы адамдар жоқ екені анықталды.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, қоғамдастық кеңес келесідей

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. «Иван Бедров» көшесіне Медет Аманжоловтың есімі, «Баритовая» көшесіне Таңыбай батыр Бекназарұлының есімі берілсін.

(Жергілікті қоғамдастық кеңесте «қолдап» дауыс берген кент тұрғындарының тізімі қоса тіркеледі).

  1. Ақадыр кентіндегі идеологиялық тұрғыда ескірген көше атауларын өзгерту туралы Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровқа, аудандық жұмыс тобына  ұсыныс берілсін.
  2. «Иван Бедров» көшесіне Медет Аманжоловтың және «Баритовая» көшесіне Таңыбай батыр Бекназарұлы атауларын беру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілсін.
  3. Жиналыс барысында айтылған барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынсын.
  4. Осы шешімнің орындалысын бақылау кент әкімінің орынбасары М.Айқынбаевқа жүктелсін.

                                Төраға:                                                                       Д.Карсембаев

                                 Хатшы:                                                                       Г.Тасырбаева

И.Бедров және Баритовая көшелерінің атауларын ауыстыру мақсатында өткізілген қоғамдық кеңес жиналысына қатысқандар тізімі

  1. Д.Қ.Карсембаев
  2. М.А.Айқынбаев
  3. Г.Б.Тасырбаева
  4. А.Ж.Сериков
  5. А.М.Аманжолов
  6. Ғ.А.Мукушев
  7. Р.Д.Айгаринов
  8. О.А.Мельник
  9. Л.М.Омарова
  10. Р.Сейтжанов
  11. К.Х.Отыншин
  12. Д.Болатхан
  13. Ж.Асылханова
  14. М.Игенов
  15. Ш.Ж.Мұқаев
  16. С.М.Торжанов
  17. А.Ж.Назарбекова
  18. А.Кабылдина
  19. А.Тынымхан
  20. М.Ж.Қойшыбаев
  21. Н.Бейсембекова
  22. Д.Т.Аяпбергенова
  23. Р.Кошкимбаева
  24. Қ.Кишкентаева
  25. А.Ахметова
  26. А.Омаров
  27. М.Сейдрахманов
  28. Л.С.Дехтерева
  29. А.Я.Пирожков
  30. Н.А.Устинова
  31. О.Пряхина
  32. К.У.Кожабеков
  33. Г.Ж.Ермекбаева
  34. А.Мукушев
  35. А.Абилжанов
  36. А.Нурахмет
  37. А.Спатаева
  38. А.Хавылхан
  39. Г.Бейсен
  40. М.Бегалин
  41. Ш.Дюсекеева
  42. С.Баймухамбетова
  43. А.С.Рымбек
  44. А.Рамазанова
  45. Г.Жакаева
  46. М.Камзабаева
  47. Ж.Канат
  48. А.Мукашева
  49. И.Метжанова
  50. А.Дүйсембаева
  51. А.Каппасова
  52. С.М.Акимов
  53. С.Алпысбаев
  54. Г.Е.Назарбекова
  55. Ю.Ким
  56. А.Жайлаубекова

Келулердің саны: 71