Кеңейтілген іздеу
print

Басты бет

Ақадыр кенттік округінің әкімі: Карсембаев Даурен, 1982 жылы туған, білімі жоғары.

Ақадыр кенттік округінің құрамына Тағылы бекеті, Ақсарлы ауылы, Доңғал стансасы және Ақадыр кенті кіреді. Жалпы жерінің көлемі – 353893 гектар (оның ішінде елді мекендер орналасқан жердің көлемі- 35433 га.).

Кент округінің 2 794 отбасындағы тұрғындардың нақты саны 2011 жылдың 1-ші қазан күніне 11 770 адам болса, оның ішінде тұрақты тұрғындар саны 10 969 адамды құрады.

Жалпы, кенттің тұрақты тұрғындарының 49,5 пайызы экономикалық белсенді топты (5430 адам) құрайды. Кенттік округте 3 орта білім және бір негізгі білім беретін 4 мектепте – 245 ұстаз дәріс береді, кенттегі Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейде, Ә.Ермеков және М.Мәметова атындағы орта мектептердегі мектепке дейінгі даярлық сыныптарында 132 бала, және шағын орталықтарда 59 бала оқытылып, тәрбиеленуде. Сонымен қатар, кентте оқу-өндірістік комбинаты, З.Көкжалов атындағы жасөспірімдер және балалар спорт мектебі, Ә.Хасенов атындағы өнер мектебі, «Балбөбек балабақшасы қалыпты жұмыс істеуде.

Кент экономикасының жетекші саласы болып табылатын 70 жылдан астам тарихы бар теміржол торабының кәсіпорын, мекемелері кентіміздің инфраструктурасын дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Бұл жердегі 14 кәсіпорын мен мекеменің екі мыңнан астам теміржолшылары Саяқ және Жезқазған станциялары, Дәрия және Мойынты станциялары аралығында қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Кентімізде өңдеп өндіруші орта тұлға кәсіпорындар: «Ырыс -2004», «Теміржолсу-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, доңғалақ жөндеу цехы және Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясы жылдағы өңдеп өндірген өнімінің көлемі 2 млрд. теңгеден асуда.

Өндірісті өңдеп өндірумен айналысатын 3 шағын кәсіпорын, (шағынзаңды тұлға) атап айтқанда – «Электржабдықтау», «Ақадырэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Баспагер» өндірістік кооперативі шығарған өнімнің көлемі жылда 65 млн. 400 мың теңгеге теңеледі.

Нан өнімдерін өндірумен айналысатын шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бір жыл ішінде 50 млн. теңге көлемінде нан өнімдерін шығарады.

Тіркеуде тұрған 271 шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс жасауда. Бұл салада еңбек жасайтын адамдардың орташа жылдық табысы 515 млн. теңгені құрап отыр. Жылына, мұнда жұмыс істейтін 790 адамның әрқайсына 628 мың теңгеден келеді. Кентте орналасқан басқа да мекеме, кәсіпорын салаларында – бір мыңға жуық адам еңбек етеді.

Жалпы, кент бойынша шағын кәсіпкерлікке жататын, нақты түрде жұмыс жасап тұрған 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен қоғамдар, 82 дүкен мен сауда саттық орындары, 33 дүңгіршек, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін 12 такси мен 6 автобус, 2 ломбард, 3 сауда орталығы (оның ішінде 67 сауда нүктесі орналасқан), 4 нан өнімдерін шығаратын жеке тұлғалар, 6 жанар-жағар май бекеті, 6 шаштараз, 2 фотосалон, 10 дәріхана (оның ішінде 1-і мемлекеттік), 13 монша мен аяқ-киім жөндейтін шеберхана, 1 ағаш шеберханасы, 1 жұмсақ мебель жасап шығаратын шеберхана, 3 тігін шеберханасы, 1 автожуу кешені, 1 автокөлік жөндеу орталығы, 2 автошина өңдеу цехтары, 1 гриль-бар-бильярд - демалыс және 21 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс жасауда.

Ақадыр кенттік округі бойынша мал өсірумен және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен округ бойынша тіркеуде тұрған 43 шаруа айналысады. Онда 181-ге жуық адам еңбек етіп, халықтың экономикалык белсенді бөлігінің 2,8 пайызын құрайды.

Ал 2011 жылдың 1 қазан күніне шартты түрдегі мал басының саны төмендегідей: сиыр малы - 3517 бас, жылқы малы - 1 837 бас, қой-ешкі – 11 398 бас, 400 құс басы бар. Кент тұрғындары бау-бақша өсірумен де белсене араласады. Бұл жерде «Мечта» қоғамдық бірлестігі қомақты жұмыстар атқаруда. Биылғы жылы 6 гектар жерден кенттің 92 отбасы 34,1 тонна картоп өнімін жинап алды.


Келулердің саны: 240969


15.10.2019

Бір өтінішпен алуға болатын мемлекеттік қызметтер саны көбейеді

...

ПРЕСС-РЕЛИЗ         Бір өтінішпен алуға болатын мемлекеттік қызметтер саны көбейеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандайда бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны…

11.10.2019

Кеме, шағын өлшемді кеме, салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу енді Egov.kz порталында онлайн қолжетімді

...

Кеме, шағын өлшемді кеме, салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу енді Egov.kz порталында онлайн қолжетімді Электрондық үкімет порталында «Кеме, шағын өлшемді кеме, салынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» қызметі іске қосылды. Бұрын бұлар үш әртүрлі қызмет болатын, ал қазір процесс…

11.10.2019

Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді үйден шықпай-ақ ресімдеуге болады

...

Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді үйден шықпай-ақ ресімдеуге болады   Мұны elicense.kz электрондық лицензиялау порталының көмегімен алуға болады. www.elicense.kz "электрондық лицензиялау" порталынан онлайн қызметін алу үшін:  «Онлайн қызметке…

11.10.2019

Бүгінгі күні Telegramботтан-20, ВКонтактідегі бот арқылы-19 мемлекеттікқызметті алуға болады, Facebook-те 15 қызметке қолжетімді.

...

Бүгінгі күні Telegramботтан-20, ВКонтактідегі бот арқылы-19 мемлекеттікқызметті алуға болады, Facebook-те 15 қызметке қолжетімді. Ботты танымал әлеуметтік желілердің мессенджерлеріне қосу мемқызмет ұсынуға арналған қосымша алаңдарды қалыптастыруда. Қызмет алу кезінде пайдаланушы виртуалдық кеңесшімен диалог құрады…

08.10.2019

Азаматтарға арналған үкімет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестігін жариялады

...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Азаматтарға арналған үкімет жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестігін жариялады   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыныңбасқарматөрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегіпарақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетінжоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін…

08.10.2019

FACEBOOK және VK әлеуметтік желілері арқылы сұраныс пен қызметтер.

...

Достар, сіз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлі анықтамаларды алып, сервистерді пайдаланып көрдіңіз. Енді дәл солай қызметтерді танымал facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қол жетімді. 💻Facebook арқылы қызметтерді алу үшін…

03.10.2019

Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл…

01.10.2019

Қарағанды облысының Жәйрем кентінде ХҚО ашылды.

...

Бүгін Жәйрем кентінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы Қарағанды облысының әкім аппаратымен бірлесіп, ХҚО іске қосты…

01.10.2019

Қарағанды облысы бойынша «азаматтарға арналған үкімет» зейнетақыға 8 мыңнан аса өтініштерді ресімдеді.

...

Баспасөз хабарламасы 2019 жылғы1 қазан                                                                    Қарағанды қ. Қарағанды облысы…

19.09.2019

Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

...

Баспасөз релизі Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды 19.09.2019 ж                                                                     …